Атыраулық мамандар жаңа онлайн-платформа ойлап тапты

Кибербулингпен күресетін платформа білім беру ұйымдарында қолданылатын болады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бүгінгі өмірді ғаламторсыз елестету өте қиын. Бұрынғылар газет оқыса, қазіргілер гаджетке жіпсіз байланған. Әсіресе, кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылық, қатыгездік, әліжеттік және басқа да қылмыстың небір түрі кең етек жайып отыр. Осы орайда, жаңа платформаның пайдасы көп. Ол арқылы оқушылар психологтармен анонимді сөйлесіп, сұрақтарына жауап алады.

– Бұл арнайы әлеуметтік желіні қоғамға пайдасы зор тың технология деп айтуға болады. Қазір әрбір үшінші бала кибербулинг, жарамсыз контентпен бетпе-бет кездеседі. Ол баланың психикасына кері әсерін тигізеді, тіпті, суицидке де апарып жатады. Міне, осы мәселенің алдын алу үшін қауіпсіз онлайн-платформа жасап шығарған едік, – дейді ІТ маманы Рахат Бекжанұлы.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ