Атыраулық кикбоксерлер республикалық чемпионаттан олжалы оралды

Қостанай қаласында кикбоксингтен 2006-2007 жылы туған жастар арасында ел чемпионаты өтіп, Атырау облысының командасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Кіл мықтылар жиналған спорт сайысына еліміздің барлық өңірінен 260-тан астам адам қатысты.  

«Ауыр салмақ дәрежесінде Жеткеншек Асылжан жарыс жеңімпазы атанды. Осы салмақ дәрежесінде Төлеген Нұрбек және 51 келіде Мейрамғали Санжар қола жүлделерге ие болды. Қыздар арасында Мақсот Алина 65 келі салмақта ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлде еншіледі» , - деп мәлім етті баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Жеткеншек Асылжан мен Мақсот Алина тамыз айында Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.

Мира Нұртаева