Атыраулық келіншек он жылдан астам тазалықпен айналысып келеді (+ВИДЕО)
Алтынай Рахметова – «АрнаулыАвтобаза» ЖШС-нің сол жағалау бойынша бөлім басшысы, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
47 жастағы нәзік жанды жұмысқа бармас бұрын, таңғы сағат алтыда тұрып, үйдің тірлігін жасайды екен. Себебі, оның ойынша әркім тазазалықты өз ауласынан бастаған дұрыс.
- Мекемеге 2012 жылы қарапайым жұмысшы болып келдім. Содан бері 12 жыл осы салада еңбек етудемін. Біздің қызметкерлер таңғы 7:00-де өздеріне белгіленген жерге келіп, кешкілік 18.00-ге дейін тазалықпен айналысады. Аптасына бір күн демаламыз. Қыста желдің ызғарында, қалың қарды тазалау оңай емес. Ал, жазда өздеріңіз көріп тұрғандай - күннің ыстығына қарамастан еңбек етуде. Бірақ тазалық бәріміз үшін керек. Өйткені, ол – денсаулық пен мәдениеттің кепілі. Бұл еңбегімізге тұрғындар жиі алғыс айтып жатады. Халықтың ықыласынан артық не бар?- деді А.Рахметова.
Ол екі қыз, бір ұл өсіріп отырған ана. Тәрбие -тал бесіктен демекші, осы салада жұмыс жасағандықтан, баларына қаланы ластамауды, қоқыстарды арнайы шәшікке салу керек екенін үнемі айтып отыратынын жеткізді.
А.Рахметованың қарамағында 26 жұмысшы, 2 бригадир және 4 техника бар. Олар Дамбы, Амагелді, Құрманғазы, Қызылбалық, Жаңаталап, Зарослый ауылдарының тазалығы үшін қызмет етеді.