Атыраулық әке егіз балаларын зорлады деген күдікке ілінуде

Бұл туралы "НеМолчи" қорының белсенділері мәлімдеді. Атыраулық әке өзінің егіз балаларын зорлаған деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Балалардың анасы 43 жасында ЭКО арқылы ұл мен қызды дүниеге әкелген. Бастапқыда ештеңе аңғармаған ол кейін бөбектерінің денесінен жарықшалар байқаған. Өзі таңғы сағат алтыдан кешкі сегізге дейін қалада ауысыммен жұмыс жасайды екен. Енді ол зардап шеккен балаларды оңалту қажеттігін және қылмыскердің жазаға тартылуын сұрап отыр.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған қор белсенділері балалардың суреттерін де көріпті. Онда олар әкелерін жаман адам кейпінде бейнелеген. 

Облыстық полиция департаментінен білгеніміздей, аталған факті бойынша 2023 жылдың қараша айынан бері қылмыстық іс қозғалып тергелуде. Қазіргі таңда қосымша кешенді сот-медициналық сараптама тағайындалды. Нәтижесіне сәйкес құқықтық шешім қабылданады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ru.freepik.com

Бұл туралы "НеМолчи" қорының белсенділері мәлімдеді. Атыраулық әке өзінің егіз балаларын зорлаған деген күдікке ілініп отыр.