Іссапардан келе жатқан құтқарушылар кездейсоқ жолаушыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
2025 жылғы 18 ақпанда республикалық маңызы бар Қостанай-Ақтобе тасжолы бойында Қостанай облысы аумағында ауа-райының қолайсыздығынан жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл туралы біз облыстық ТЖД Имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобынан білдік. Автокөліктердің біріндегі 4 адам, оның ішінде 2 бала өздігінен автокөліктен шықты. Оқиға салдарынан екінші автокөліктегі жүргізуші зардап шегіп, өздігінен автокөліктен шыға алмай қалған.
Астана қаласында өткізілген «Жұмысшы мамандықтар қаласы» көрмесінде көрсетілген АБР Toyota Hilux шассиіндегі заманауи үлгідегі құтқару жарақтарымен жабдықталған АБР (жедел әрекет ету автокөлігі) автокөлігін алып келе жатқан Атырау облысының ТЖД жүргізушілері азаматтық қорғау аға сержанты Е.Изгалиев пен азаматтық қорғау қатардағы Р.Теміртасов оқиға орнына кездейсоқ тап болып, жедел түрде тоқтады. Атыраулық құтқарушылар шұғыл әрекет етіп, «Холматро» авариялық-құтқару жабдығымен жолаушыларды автокөліктен шығарып, зардап шегушіні жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Құтқарылған жолаушылар құтқарушылардың жедел әрекетіне ризашылықтарын білдірді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ