Сүңгуірлер осыдан бес күн бұрын жаяу жүргіншілер көпірінен секіріп кеткен жасөспірімнің денесін шығарып алды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Естеріңізде болса, қайғылы оқиға 3 қараша күні болды. Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сол күні-ақ екі қайықпен 8 құтқарушы жасөспірімді іздеуге кіріскенімен, нәтиже болмады. Бүгін сүңгуірлер оның денесін Тұрғындар қалашығы маңынан тапты.
«Бүгін 14 сағат 40 минутта ТЖД қызметкерлері тарапынан жасөспірімнің денесі Жайық өзенінен шығарылды. Бұл ретте 10 құтқарушы, 3 қайық пен 1 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады Атырау облысының ТЖД-нің баспасөз қызметіндегілер.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА