Атыраулық әйелдер алтын сырға үшін араздасып қалды

Атырау қалалық сотында талап қоюшы Ж.-ның жауапкер С.-дан берешекті өндіру туралы азаматтық ісі қаралды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қалалық соттың баспасөз қызметінен білгеніміздей, талап қоюшы «OLX.kz» сайтына алтын сырғасын 80 000 теңгеге бағалап, сатуға шығарған. Жауапкер талап қоюшыдан сырғаны қарызға беруін сұрап, қолхат арқылы сырғаны алған. Алайда, жауапкер түрлі сылтаулар айтып, қарызын қайтармаған.

Талап қоюшы жауапкерден берешекті өндіруді сұрап сотқа талап қоюмен жүгінген. Сот шешімімен талап қою қанағаттандырылды. Жауапкер С.-дан талап қоюшы Ж.-ның пайдасына 80 000 теңге берешек өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ