08 Маусым, 2023 1375

Атыраулық әйел құрбысының 45 млн теңгесін ұрлап кеткен


Атыраулық полицейлер құрбысын 45 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

7 маусым күні полицияға айырбастау пунктінен шыққан, 1980 жылғы әйел адамның 45 млн теңгесін тонады деген хабарлама түскен. Полиция басқармасының Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері шығымданушы ұрлықты өзі ұйымдастырғанын анықтады. Анықталған екі күдікті оның таныстары болып шығып, барлығын мойындаған. Ұрланған ақша құрбысына сеніп тапсырған 32 жастағы кәсіпкер әйелге тиесілі болып шықты.

ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ