Атыраулық футболшы даниялық футбол командасында ойнайды

Дулат Талыспаев Атыраудың негізгі футбол құрамасында қақпашы болған. Мұнда үздік нәтиже көрсетіп, 18 жасқа толған соң даниялық «Koge» командасына ауысты. Бұл туралы «Атырау» футбол клубының баспасөз хатшысы  Ануарбек Аманов мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ануарбек Амановтың айтуынша, Дулат 2022 жылы футболдан жастар командасына қосылып, екі ойында үздік нәтиже көрсеткен.

 ⁃ Кейін ол негізгі құрамға кірді. Осы құраммен біз Түркияға барып, оқу-жаттығу өткіздік. Сонда «Koge» командасына қарсы ойнадық. Дулаттың ойнына қызыққан даниялықбас бапкері қызығушылық білдірді. Бірақ 17 жаста болғандықтан, 18-ге толғанда ауысады деп шешім қабылданды. Атырау сапында бір жыл бойы Ю-18 командасында  11 ойын өткізді. Қазір «Koge» командасында, былтыр алғаш ойнын өткізді. Биыл кубоктық ойында 5:1 есеппен, оның командасы жеңіске жетті. Яғни, Дулат шет мемлекетте сенімге секем түсірмей келеді,- деді А. Аманов.