Бес жасар Ермек Санжар шахматтан Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысы, денешынықтыру, спорт және туризм басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 қаңтар-2 ақпан күндері Шымкент қаласында шахматтан балалар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ала тақта бәсекесіне еліміздің барлық өңірінен 600-ден астам бала қатысты.
Атыраулық жас спортшы Ермек Санжар 6 жастағы балалар арасындағы чемпионатта шахматтың блиц түрінен Қазақстан чемпионы атанды. Ал классикалық шахматтан қола жүлдеге ие болды.
Санжар шахматты былтыр сәуір айында “ Guw chess “шахмат клубында жаттықтырушы Ғабитова Дилярадан үйрене бастаған.