Атырауда еріктілер мемлекеттік сатып алу кезінде 44,5 млн теңгеге баға сомасын көтеру фактісін анықтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау облысы білім басқармасының Қызылқоға ауданының білім бөлімінің №9 орта мектебі 48 млн теңгеге күзет қызметін сатып алуды жоспарлады.
Облыста білім беру ғимараттарын күзету қызметінің орташа бағасы 3-4 млн теңгені құрайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлердің сатып алу процесіне араласуынан кейін қызмет бағасы 12 есеге төмендетіліп, 3,5 млн теңгеге сатып алынды.
Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол бермеу жөнінде ұсыныстар енгізді.
44,5 миллион теңге көлемінде үнемдеу бюджетке қайтарылды.
Фоо: www.gov.kz