Атыраулық екі азаматтың ерлігі елді сүйсінтті!

Атыраулық Нұрлан Ғалымов және Данияр Сейіталиев Жайық өзеніне батып бара жатқан жасөспірімді құтқарып қалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Оқиға 2 маусым күні сағат 15:30-да Атырау қаласында, дәлірек айтқанда, Авангард мөлтекауданында орналасқан облыстық балалар ауруханасының артындағы Жайық өзені жағасында орын алған. Көлік жөндеп жатқан екі жігіт көмекке шақырған дауысты естіп, дереу соған қарай ұмтылады. Сөйтсе, суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқаруға бір адам көмек шақырып жатыр екен (өзі жүзе алмағандықтан).

Екі жолдас адам бойламайтын терең судан әлгі баланы шашынан тартып аман алып шығады. Жасөспірім су жұтып құйған, бірақ бастысы аман-сау.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото-видео: atr.kz