Атыраулық дәрігерлерден тұрғын үйге құжаттар қабылдау 12 сәуірге дейін жалғасады

Атырауда дәрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жеңілдетілген несие беру мемлекеттік бағдарламасы аясында өтініштерді қосымша қабылдау 2024 жылдың 12 наурызынан 2024 жылдың 12 сәуіріне дейін жүзеге асырылады, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Бір мемлекеттік медициналық ұйымнан екінші біреуіне ауысқан дәрігерлерді қоспағанда, клиникалық практикамен айналысатын және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысқа орналасқан барлық дәрігерлер тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несие алуға құқылы. 

Бұл ретте бағдарламаның барлық қатысушылары мемлекеттік медициналық ұйымдардың негізгі қызметкерлері болуы тиіс. 

Сондай-ақ, жергілікті бюджет қаражаты есебінен, яғни грантта оқыған қызметкерлер келісім-шарттық міндеттемелері орындалғанға дейін тұрғын үй үшін жеңілдікпен несие алуға өтініш бере алмайды. 

Өтінім көп түскен ретте келесі мамандарға басымдық беріледі және бекітілген бағдарламаға сәйкес балдық жүйе бойынша есептеледі:

- акушерлік және гинекология;
- анестезиология және реанимация;
- жұқпалы аурулар; 
- травматология және ортопедия; 
- ересектер мен балалар неврологиясы;
- жалпы хирургия;
- жалпы тәжірибелік дәрігерлер.

Толық ақпарат: 87015403961

Қажетті құжаттар тізімі:

1) Жеке куәліктің көшірмесі;
2) «Отбасы Банкі» АҚ-да жинақ шотының (депозитінің) болуы;
3) Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйі немесе меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы;
4) Қызметтік тұрғын үйінің жоқтығы туралы анықтама;
5) Соңғы 6 (алты) айдағы үздіксіз жинақталған зейнетақы қорындағы үздіксіз салымы туралы үзінді немесе анықтама;
6) Жұмыс берушінің және/немесе Денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығы; 
7) Еңбек кітапшасының көшірмесі. 

Құжаттарды Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 мекенжайына тапсыруға болады.