Қызылқоға ауданының «Ойыл аруы» би тобының қыздары Шымкент қаласының төрінде өнер көрсетіп, бас жүлдені еншілеп қайтты, деп хабарлайды AtyrauPress.
Шымшаһарда өткен «DANCE BATTLE» халықаралық би байқауында «Арман» мәдениет үйі жанындағы «Ойыл аруы» би тобы бақ сынады.
Олар байқау барысында «Сақ арулары», «Ковбой», «Орыс биі», қазақ биі «Қызғалдақтар» биін биледі. Қазылар алқасы олардың өнерін жоғары бағалап, нәтижесінде бас жүлдені және кіші би тобы I орынды жеңіп алды. Ал, «Ойыл аруы» би тобының жетекшісі Лизия Оқас арнайы Алғыс хатпен марапатталды.
- Би әлемі үлкен шыдамдылықты, төзімділікті қажет етеді. Сырт көзге үш минут би болғанымен, оған айлап дайындық жасаймыз. Ал, бишілердің қабылдауы, биді сіңіре білуі үлкен еңбекті қажет етеді. Әрине, бишілерім сахнаға шыққан сәттен, әр қимылдың дұрыс көрерменге берілуі мен бәрі үйлесімді болуы үшін тақымды буып тұрамыз. Әрине, соның арқасында жеңіс тұғырынан көріндік. Өте қуаныштымыз,- деді Л.Оқас.
Мира НҰРТАЕВА