Атыраулық белсенділер суға батқан жасөспірімді іздеуге қайық сұрады (+ВИДЕО)

Геолог шағынауданында суға батып кеткен жасөспірімді іздеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Еске сала кетейік, екі жасөспірім шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен болатын. Олар бір-біріне ағайын болып келді. Бірінің жасы 15, екіншісі 16 жаста. Құтқарушылар 16 маусымда суға батқан жасөспірімдердің бірінің денесін 12 метр тереңдікте және шомылу орнынан 20 метр радиуста тапқан. ТЖД құтқарушылары әлі де іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Осыған байланысты  жергілікті белсенділердің бірі қайықпен қамтамасыз етуге көмек сұрап отыр.

«Шамамен 20 күн бұрын суға батып кеткен екінші жасөспірімді іздеу жалғасуда. Іздеу жұмыстарына ТЖД-інен тек үш құтқару қайығы жұмылдырылған. Құрметті Дамбы, Еркінқала және жақын маңның тұрғындары! Егер сіздерде жеке қайық болса, көмекке келіңіздерші» дейді ол.

Көмек қолын созғысы келетіндер осы көрсетілген байланыс телефондарына хабарласа алады: 87719929292, 87023254992 (жоғалған жасөспірімнің ағасы Дархан мен әкесі Тасболат).

Қасиет Бахкерейқызы