Астана қаласында Ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылған фестиваль аясында «Құсбегілік» бойынша жарыстар өз мәресіне жетті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Спорттық іс-шара төрт жылда бір болатынын естеріңізге сала кетейік. Үш күнге созылған жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Еліміздің 15 өңірінен келген спортшылар жүлделі орындарды өзара сарапқа салды. Осылайша, бүркітшілер сайысында жүлделі 1-орынды Атырау облысынан Арман Қошқаров жеңіп алды!
Айта кетсек, асық ату, аударыспақ, бәйге, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, жекпе-жек, көкпар, қазақ күресі, құсбегілік, теңге ілу, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық спорт түрінен 17 облыстан, 7 қаладан жалпы саны 1362 спортшы тіркелген.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ