Атыраулық бүлдіршін елді сүйсінтті! (+ФОТО)

Қазақстандағы ең кішкентай бес жасар дирижер Атырауда тұрады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Исатай ауданында бүлдіршіндерден құралған оркестр бар. Оркестрдің кішкентай өнерпаздарының ең үлкені бес жаста, қалғандары 3-4 жастағы бүлдіршіндер. «Құлыншақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушісі Ясина Нәбеннің дирижерлік таланты көпшілікті сүйсіндірді. Ол оркестрге үш жасынан бастап қатысып келеді екен. 

«Оның музыкалық шығармалардың екпініне, динамикалық ырғағына қарай қимыл қозғалысы, көзқарасы кәсіби мамандардан кем емес. Оның музыканы сезінуі таң қалдырады», – дейді музыка жетекшісі Шұға Қайырлиева.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ