Атыраулық азамат қарындасының мазасын алған...

Қорғау нұсқамасын бұзған атыраулық қамаққа алынды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 461-бабының 1-бөлігі бойынша А.Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (қорғау нұсқамасын бұзу). Бұл туралы Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты мәлім етті. Биыл қыркүйек айында А.Е. қарындасының пәтеріне келіп, оны мазалап, тыныштығын бұзып, Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзған.

А.Е.-нің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, қорғау нұсқамасымен және сауалнама хаттамасымен өз дәлелін тапты. ӘҚБтК-нің 461-бабының 1-бөлігінің санкциясында 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза көзделген. Сот қаулысымен А.Е. аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолданылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ru.freepik.com