Ақтөбеде қонақтап жүрген атыраулықты досы сыра ішіп алып көлігіне отырғызған да, әуежайға апарған. Нәтижесінде, жол апаты орын алып, атыраулық азамат қайтыс болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы Сәнкібай батыр даңғылында болған. 34 жастағы «Nissan XTrail» жүргізушісі сол жаққа бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан көлікке жол бермей, ақыры жол белгілері мен қоршауға соғылған. Жүргізуші ауруханаға түсіп, ал досы оқиға орнында қайтыс болды.
Сот апатқа кінәліні 3 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарып, 10 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ