Атыраулық автобус жүргізушілері заңнан қорықпай ма?

Атырау қаласының прокуратурасы жолаушылар тасымалдайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеріс жұмыстарын бастады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Тексеріс кезінде бұдан бұрын масаң күйде көлік басқарып куәлігінен айрылған тұлғалар қоғамдық көлікті басқарып жүргені анықталды.

"Қала тұрғындары мен қоғам белсенділерінен қоғамдық көлік маршрутына қатысты заңбұзушылықтар анықталған жағдайда қала прокуратурасының «Whatsapp» нөміріне (+7 701 652-48-76) фото-видеоматериалдарды жолдаулары сұралады" делінген хабарламада.

Тексеріс барысынан бейнежазбаны осы жерден көре аласыздар.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ