Атырау қаласында өткен республикалық референдумда атыраулық арулар белсенділік танытып, дауыс беруге ерекше форматта келді.
Олар еліміздегі татулық пен бірлікті дәріптеу мақсатында түрлі ұлттың ұлттық киімдерін киіп, референдум учаскесіне барды.
Олардың айтуынша, бұл бастама Қазақстандағы көпұлтты халықтың достығы мен өзара сыйластығын көрсетуге бағытталған.
— Біздің елімізде түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бүгін біз осы бірлікті көрсету үшін әр ұлттың киімін киіп, дауыс беруге келдік, — дейді арулар.
Айта кетейік, референдум күні өңір тұрғындары өз таңдауларын жасап, саяси науқанға белсенді қатысуда.
Бүгінгі таңда Атырау облысы бойынша 416 мыңнан астам азамат дауыс беруде.