НКОК компаниясының инженері 36 жастағы атыраулық Аина Самигатова ғаламшардың ең сұлу 20 әйелінің қатарына енді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Ол Хайнань аралында осымен 27-ші рет өтіп отырған атақты "Mrs. Globe 2024" («Миссис Земной шар») халықаралық байқауының гранд-финалына Қазақстанның атынан қатысты. Бұл конкурс іскер әйелдерге арналған. Онда Аинамен бірге Алматыдан Айбара Газиз де ел намысын қорғады. Екеуі халқымыздың ұлттық ерекшеліктері мен салт-дәстүрін ашуға тырысты. Ал, ақтық сында бүкіл әлемнен қырықтан астам үміткер бақ сынады.
Аина Самигатова қазылар шешімімен «Үздік ұлттық киім» аталымын иеленді. Финалда ол «Шернияз» күйін орындады. Сондай-ақ, тағы екі аталымда да ("Volunteer of the year", Frienship Award") Аина үздік деп танылды.
Айта кетейік, былтыр күзде Алматыда жерлесіміз "Mrs. Globe Kazakhstan" байқауында «Mrs. Asia Globe-2023» титуылын жеңіп алған болатын.
Фото: ktk.kz, golos-naroda.kz