Өртке оранған үйдің тұрғынына көмекке келген Александр Кириллов мұнайлы өлкенің батырлар тізімін толықтыра түсті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Ерлік көрсеткен батырларды мадақтау, олардың ерен еңбегін көпке жариялау – бүгінгі біз үшін парыз. Бүгінде арамызда ерен еңбектің үлгісін көрсетіп, қызметтік міндетін адал атқарып жүрген тәртіп сақшыларынан бөлек, департаменттің ерікті қызметкерлері де бар. Өзінің кәсібіне қарамастан, кез-келген қысыл таяң уақытта білегін сыбана кірісіп көмекке дайын болған ҰҚК органдарының запастағы офицері, практикалық атыс жөніндегі нұсқаушы, Қазақстандық террорға қарсы нұсқаушылар қауымдастығының мүшесі, ал қазіргі уақытта Атырау қаласы полиция басқармасының № 1 қалалық полиция бөлімінің коменданты Александр Кириллов туралы дәл осылай айтуға болады.
"Ерлік жасау мамандық пен сала таңдамайды. Қиындыққа тап болған адамдарға көмектесу - бұл азаматтық міндеттен бөлек, өзгенің мәселесіне бей-жай қарамай, батылдық жасайтын адамның әрекеті" дейді ол.
Ерлігі көпке үлгі болатын Александр Кириллов Геолог ықшам ауданындағы екі қабатты тұрғын үйден өрт кезінде жас жігітті эвакуациялауға көмектескен. 15 қаңтар күні сағат 18:00 шамасында Александр өз көлігімен Аққұлов көшесіндегі №36 үйдің жанынан өтіп бара жатып, кіреберісіндегі өртті байқаған. Қауіп пен қатерге бас тіккен ол, оқиға орнына бірінші болып келіп, еш ойланбастан мұқтаж жандарға жедел көмек көрсете бастайды. Өртті ауыздықтауға кіріскен сәтте екінші қабаттың терезесінен көмекке шақырған жас жігітті байқап, Александр Кириллов дереу жанып жатқан кіреберіске кіреді. Сол сәтте артынан бір шелек суы бар жігіт көмекке келіп, отты сөндіріп, әрі қарай жүру үшін Александрға су бере бастайды. Айтып келмеген апатты бірге оқшаулап, олар екінші қабаттағы пәтерден жас жігітті алып шығады. Адам өміріне араша түскен Александр өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері келместен бұрын өртті ауыздықтап үлгерген.
Сын сағатта адам өміріне араша түсіп, алғашқы көмек көрсеткен Александрдың айтуынша өзінің іс-әрекеті батырлық емес, кез-келген адамның азаматтық міндеті дейді. Кириллов Александр өрт қауіпсіздігі шаралары туралы үлкен өмірлік тәжірибесі бар адам ретінде ғана емес, сонымен қатар 10 жылдық жұмыс өтілі бар ҰҚК - нің бұрынғы қызметкері ретінде де айту қажет. Қызмет орнында ол бірнеше рет өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтан өткен Александар мұндай жағдайларда қалай әрекет ету керектігін, алғашқы медициналық көмекке мұқтаж жандарға да көмегін аямайтынын айтады. Адам өмірін сақтай отырып, өзіне зиян келтіру қаупі туралы ойламаған батыл қызметкердің қарапайымдылығы оның іс-әрекетімен мақтануға үлкен негіз болары сөзсіз.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ