Атыраулық Айдынбай Қайырберді Минсктегі Халықаралық турнирде жеңіске жетті

 Минск қаласында 7-9 ақпан күндері Белоруссия елі Президентінің жүлдесіне арналған самбо күресінен халықаралық турнир өтуде.


Биыл жарысқа Беларусь, Армения, Болгария, Германия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Түркіменстаннан 200-ден астам спортшы қатысты. Жарыс барысында алғаш рет Қытайдан келген команда өнер көрсетіп отыр. Самбодан халықаралық турнир жеке және командалық сынақтарда өткізіледі.

"Жарыстың алғашқы күні 58 келі салмақта сынға түскен атыраулық спортшы Айдынбай Қайырберді жеңімпаз атанды. Ол 23 спортшы бақ сынаған бұл салмақ дәрежесінің ақтық сынында Қайырберді жарыс қожайыны Бурдь Владиславтан басым түсті", - делінген баспасөз хабарламасында.

Мира Нұртаева