Атырауға шет елдерден 105 қандас көшіп келді

Атырауға биыл шет елдерден 89 отбасы -105 этникалық қазақ көшіп келді, деп хабарлайды ATPress.kz.

Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Ботагөз Амангелдиева мәлімдеді.


Елімізде тұрақты тұру үшін келген оларға «қандас» мәртебесі беріліпті. Өзбекстан, Қытай, Ресей, Түркіменстан және Украина елдерінен келген қандастардың 87-сі Атырау қаласына, 11-і Жылыой, 7-еуі Құрманғазы аудандары аумағына қоныстанған. 105 қоныстанушының  еңбекке қабілетті жастағылары – 75 адам.
Бүгінде тұрғын үй кезегінде 41 қандас тіркеуде тұр. Сонымен қатар облыста қандастарды тіркеу орталығы жұмыс жасайды.