Атырау облысына Ресей Федерациясынан көшіп келген 11 бала мектепке орналасып, білім алып жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress.kz.
Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенованың айтуынша, 2022- 2023 оқу жылында Атырау облысының мектептеріне Ресейдің Астрахань, Нижегородск, Свердловск облыстарынан 11 оқушы қабылданды. Оның төртеуі Құрманғазы ауданындағы мектепке орналастырылды. Олардың арасында тарихи отанына оралғандар мен жұмыс бабымен келгендер бар.
Ресей азаматтары үшін мемлекеттік тілді үйрету бойынша қосымша курстар енгізу жоспарланбаған.
Ал Ресейде ішінара мобилизация жарияланғалы бері шекара асқандардың арасында отбасымен келіп, мектепке орналасқандар туралы ақпарат жоқ.
Фото ашық дереккөздерден алынды.