Атырауға қоғам қайраткері Елена Тарасенко келді

Ол өңірдегі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл барысын тексерді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Іс-сапар барысында бірнеше әлеуметтік нысанды, Дағдарыс орталығының жұмыс жүйесімен танысып, Атырау облысы Полиция департаменті қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко полиция қызметкерлерінің тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көргендер мен агрессорлармен жүргізіліп жатқан жұмыстар жүйесін талқылап, отбасылардың әл-ауқатын жақсарту және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін жоғары жауапкершілік пен үйлесімді жұмыстың қажеттігін атап өтті.