АТЫРАУҒА ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ КЕЛДІ

Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шапхат Өтемісовтің қатысуымен Атырауда сайлау комиссиясының мүшелеріне арналған республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөнінде семинар-кеңес өтті.

Онда мемлекеттік ұйымдар мен сайлау учаскелерінің материалдық дайындығы жан-жақты пысықталды.
 Шапхат Әнесұлы саяси науқанның маңыздылығы мен өзектілігін айрықша атап өтті.
Айта кетейік, Атырау облысында барлығы 261 референдум учаскесі бар. Оның 11-і — жабық учаскелер, олар аурухана, уақытша қамау изоляторы, әскери бөлімшелерде орнатылған.
«Қазір біз дауыс беретін азаматтарды ақпараттандыру жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Мемлекеттік маңызды іс-шараның өту барысы, мерзімі, орны және басқа да қажетті мәліметтерді таратудамыз» дейді облыстық референдум комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ