Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-Жыл басынан бері өңірге тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтар қандас мәртебесін алды. Өзбекстаннан 87, Қытай Халық Республикасынан 4, Ресей Федерациясынан 10, Түрікменстан және Украинадан 2 қандас облысқа келді. Оның ішінде 87 адам Атырау қаласына, 11 адам Жылыой ауданына және 7 адам Құрманғазы ауданына қоныстанды, - деді Е.Әбілқасымов.
Айта кетейік, елімізге өз бетімен келген этникалық қазақтар қандас мәртебесін алу үшін өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облыстық филиалына барып бере алады.