Атырауға заманауи кәріз желісі жүргізілмек

Атырау қаласының кәріз желілері санация әдісімен жаңғыртылуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.

- Қала ішінде тозығы жеткен және апаттық жағдайда тұрған кәріз жүйелерін жаңарту мәселесу өзекті. Қазір 30 шақырымды құрайтын 31 учаскедегі кәріз желісі санация әдісімен жаңғыртылуда. Олар Атырау қаласының орталық көшелерімен қатар, Авангард, СМП, Балықшы, Вокзал маңы ықшамаудандарында орналасқан. Бүгінде өткізілген ашық электронды конкурс қортындыларына сәйкес «Сапа Құрылыс-2007» ЖШС және «Агидел» ЖШС-мен келісім шарт жасастық,- деді қалалық ТҮКШ және ТҮ мемлекеттік мекемесі абатандыру және көгаландыру секторының бас маманы Ербол Айткалиев.

Бұған дейін Атырау қаласы СМП-163 ы/а, Темирязев және Сәтпаев көшелеріндегі 1028 метрлік құбырлар күрделі жөндеуден өтті.