Атырау – туризмді дамыту үшін таптырмайтын өлке. Тек осыған мүдделі кәсіпкерлерге кеңірек қолдау көрсетілсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Аймақ экономикасын дамытуда ең маңызды рөл атқаратын сала – туризм. Атырауда туризм саласының жандануын әлемнің елуден аса елінен мыңнан аса шетелдік компанияның қызмет етуінен аңғаруға болады. Оған қосымша, мәдени, спорттық, экологиялық, емдік-сауықтыру, экстрималдық туризм түрлері қолға алынуда. Отандық статистикаға қарайтын болсақ, ішкі туризм бойынша 2019 жылы 130 685, 2020 жылы 90 210, 2021 жылы 142 510, 2022 жылы 143 211, 2023 жылдың бірінші тоқсанында 143 654 келушіге қызмет көрсетілген.
Бүгінгі таңда Атырау қаласында "Шолу экскурсиясы" бағдарламасы қабылданған. Ол бойынша тарихи-мәдени жерлер, ойын-сауық орталықтары мен нысандар, түрлі мейрамханалар мен дәмханалар келген қонақтарға қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, қонақтар Жайық өзеніне экскурсия жасап, оның бойындағы туристік демалыс орындарына бара алады. Жаз айында құзға шығаып, түйе және жылқымен серуендесе болады.
Туристер «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағындағы Каспий теңізінің жағалауында елімізде сирек кездесетін құстар мен өсімдіктерді тамашалап, рұқсат етілген аймақта балық аулай алады. Мұндай демалыс алыстан ат арытып келген қонақтардың қызығушылығын оятатыны сөзсіз.
Ал, тарихи кешендерді аралағысы келгендерге Қазақстаның киелі жерлерінің тізіміне енген 7 тарихи ескерткішге зиярат жасауға болады. Көненің көзіне айналған қорымдар келушілерге рухани азық беріп, таным-түйсігін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Тағы бір туристерді өзіне баурап алатын жер, бұл – Сарайшық мемориялдық кешені. Ортағасырлық тарихи мекеннің есігі туристерге жыл он екі ай айқар ашық.
Әсемай Аманжол,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті