Атырауға Мәулен Әшімбаев келді

Атырауға жұмыс сапарымен еліміздің Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев  келді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Дәл қазір Салтанат сарайында Сенат төрағасының депутаттармен және өңірдің белсенді азаматтарымен кездесуі өтіп жатыр. Осыдан соң ол аймақтың белсенді жастарымен кездеседі деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, іссапар аясында Мәулен Сағатханұлы КРІ зауытына барып, Apec Petrotechnic студенттерімен кездеспек.

Айта кетейік, Сенат Төрағасы бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіндегі сұхбатына қатысты пікірін білдірген болатын.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, соңғы жылдарда Қазақстанда аса маңызды саяси реформалар жүргізілді. Соның нәтижесінде билік тармақтары арасында тежемелік пен тепе-теңдіктің тиімді жүйесі құрылды. Саяси институттар нығайтылып, Парламентте кең өкілдік қамтамасыз етілді және азаматтардың құқықтарын қорғаудың пәрменді институты ретінде Конституциялық сот құрылды. Еліміздің алдында 2029 жылға қарай экономика көлемін екі есеге арттырып, 450 млрд АҚШ долларына жеткізу міндеті тұр. 2024 жылы еліміз өңірлік және халықаралық деңгейдегі бірқатар ықпалды ұйымдарға төрағалық етеді» деді ол.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: Сенат баспасөз қызметі (Е.ҮКІБАЕВ), Ләззат СӘЛІМОВА