ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында 23-26 мамыр күндері Атырау облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» өтеді.
Сапардың басты мақсаты - аурулардың алдын алу, диагностикалау, емдеу және сауықтыру саласында тәжірибе алмасу және заманауи әдістерімен бөлісу, сондай-ақ Атырау облысының медициналық мекемелерімен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты кеңейту.
Делегацияның құрамында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының және Орталық клиникалық аурухананың жоғары білікті мамандары, оның ішінде нейрохирург, аллерголог, пульмонолог, онколог және басқа мамандар. Олар өңірдің емдеу мекемелерінде шеберлік сабақтар, облыс тұрғындарына практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіп, күрделі операцияларды Атырау облыстық ауруханасы, Атырау қалалық перзентханасы, №7 Атырау қалалық емханасы базасында жасайды.
23 мамыр күні Атырау облыстық ауруханасы базасында
10:00 – 13:00 – нейрохирург Дәулет Сүйембетов;
13:00 – 16:00 – нейрохирург Мыңжылқы Бердіходжаев (жоғары санатты дәрігер) қабылдау өткізеді.
№2 Атырау облыстық ауруханасы базасында
10:00 – 13:00 – аллерголог Ботагөз Давлетова;
10:00 – 13:00 – пульмонолог Мадина Есенгельдинова қабылдау өткізеді.
24 мамыр күні Атырау облыстық ауруханасында:
10:00 – 13:00 – нейрохирург Дәулет Сүйембетов;
14:00 – 17:00 – травматолог Асқар Баймұхаметов қабылдау өткізеді.
Атырау облыстық онкология диспансерінде:
15:00 – 17:00 – онколог Ғалия Хорошаш қабылдау өткізеді.
25 мамыр күні №7 Атырау қалалық емхана базасында:
14:00 – 17:00 – гастроэнтеролог Ляззат Қазанбаева (жоғары санатты дәрігер);
14:00 – 17:00 – неврологАқерке Таурбекова қабылдау өткізеді.
26 мамыр күні Атырау облыстық ауруханасында:
10:00 – 17:00 – гинеколог Талғат Капаков қабылдау өткізеді.
№7 Атырау қалалық емхана:
14:00 – 17:00 – эндокринолог Дилярам Разиева (жоғары санатты дәрігер) қабылдау өткізеді.
Қабылдауға жазылу үшін төменде көрсетілген нөмірге хабарласуларыңыз сұралады:
Атырау облыстық ауруханасы: 51-00-92.
№2 Атырау облыстық ауруханасы: +7778 048 94 07; 51-00-92.
№7 Атырау қалалық емхана: +7775 247 68 49