Атырау облысының аумағы бүгінде 118 мың шаршы километрден асады. Ал, халық саны небәрі 700 мың шамасында, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Облыс орталығы – Атырау қаласының аумағы 3,5 мың шаршы шақырымды құрайды. Есептей келе, аймақты айтпағанда, қаланың өзіне ғана 42 ел сыйып кететіні анықталып отыр. Атап айтар болсақ, Фарер аралдары, Люксембург, Бруней, Кипр, Ямайка, Катар, Черногория, Кувейт, Словения, Албания, Тайвань, Дания, Эстония, Коста-Рика секілді мемлекеттер оп-оңай сыйып кетеді екен!
Айта кетейік, Қазақстан территориясы 2 млн 724,9 мың шаршы километрге созылады. Еліміз аумағы жөнінен әлемде тоғызыншы, ал, ТМД-да Ресейден кейін екінші орынды иеленеді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі