Атырау облысына 2025 жылы 134 мың турист келді, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бұл туралы облыс Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы мәлімдеді. Өңірге келушілер саны өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға артты. Инвестициялар көлемі 36,6 млрд теңгені құрап, туристік-мәдени нысандардың дамуына мүмкіндік берді.
Жыл сайын өткізілетін туристік фестивальдер мен велошеруілер өңірдің мәдени ерекшеліктерін насихаттап, туристерді Атырауға тартуда. Сонымен қатар, туристік маршруттар мен экскурсиялық бағдарламалар жаңартылып, көрікті жерлерді насихаттауға арналған арнайы гидтер дайындалуда.
Айта кетейік, облыста Сарайшық қалашығы, Лотос алқабы және Индер тұзды көлі туристік бағыт ретінде дамытылып, шетелдік туристер де қызығушылық танытуда.