2. «Сәтті старт» (соңғы үш жыл ішінде сәтті, сапалы және тез дамыған кәсіпкерлерге беріледі);
3. «Үздік кәсіпкер - әйел» (әйел кәсіпкерге нарықтық жағдайда тиімді жұмыс және жоғары экономикалық көрсеткіштерге жеткені үшін беріледі);
4. «Отбасылық бизнес» (ұрпақтан ұрпаққа берілетін отбасылық бизнестің үздік кәсіпкерлеріне беріледі);
5. «Қызмет саласының үздігі» (сапалы қызмет номинациясы үшін ұсынылады);
6. «Сауда саласының үздігі» (Атырау облысы тұрғындары арасында кең танымалдыққа ие, сауда нүктелер желісі бар кәсіпкерге беріледі);
7. «Туризм саласының үздігі» (туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін беріледі);
8. «Үздік өндіруші» (сапалы және сұранысқа ие өнім шығарушы өндірушіге беріледі);
9. «Жыл кәсіпкері» (Атырау облысының кәсіпкерлік қызметінде жетекшілігі үшін беріледі);
10. «Үздік екінші деңгейлі банк» (соңғы 3 жылда бизнестің дамуына қосқан үлесі үшін беріледі).
Конкурсқа қатысу тәртiбi:
Конкурсқа қатысуға жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын Қазақтан Республикасының резидентi — шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын ұйымдар (бұдан әрi — қатысушы) жiберiледi.
Қайта құру, тарату немесе банкроттық сатыда тұрған, бюджет алдында 3 айдан артық берешегi бар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.
«2022 жылдың үздiк кәсiпкерi» өңiрлiк конкурсына қатысу үшiн қатысушылар өз қызметi туралы ақпаратты қамтитын белгiлi бiр номинация бойынша «өтiнiм-сауалнама (бұдан әрi — өтiнiм) толтыруы және Комиссияға өтiнiмде көрсетiлген барлық ақпаратты растайтын құжаттар пакетiн ұсынуы керек.
Қатысушы бiр ғана номинацияға өтiнiм бере және жеңiмпаз атана алады.
Өтiнiм ұсынған әрбiр қатысушыға құжаттар пакетiн берген күнгi тiркеу нөмiрi берiледi.
Өңірлік конкурстың жеңімпаздарын бизнес өкілдерінен құрылған конкурстық комиссия анықтайды.
Конкурстық материалдарда қамтылған ақпарат құпия сипатта болады және Конкурс нәтижесiн қорытындылау кезiнде бағалау үшiн пайдаланудан басқаға қолданылмайды.
Үміткерлерден өтінім қабылдау мерзімі 2022 жылдың 21 қараша - 30 қараша аралығы.
Өтінім қабылдау мекен-жайлары:
«Атырау облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасы» ММ, Мекен жайы: Атырау қаласы, Әйтеке би, 77, телефон: 35-43-44, эл. пошта: u.upiir@atyrau.gov.kz
«Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» ММ, Мекен жайы: Атырау қаласы, Махамбет к-сі, 72, телефон: 32-01-68, эл. пошта kasipkerlik_atyrau@mail.ru
«Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» ММ, Мақат кенті, Ағайынды мұнайшы Телішевтер к-сі, 140, телефон: 8(71239) 3-02-99, эл. пошта: A.zhangereeva@atyrau.gov.kz
«Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ, Құрманғазы ауылы, С. Көшекбаев к-сі, 2, телефон: 8(71233) 2-07-47, эл. пошта: kur_raipred@mail.ru
«Индер аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп, туризм бөлімі» ММ, Индербор кенті, А.Қонаева, 12, телефон: 8(71234)2-13-70, 2-13-71 эл. пошта: 4691258@mail.ru
«Жылыой аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ, Құлсары қаласы, Ұ.Абдрахманов к-сі, 35, телефон: 8(71237)4-86-54, эл. пошта: otd.kasipker@atyrau.gov.kz
«Махамбет аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ, Махамбет ауылы, Абай к-сі, 13, телефон: 8(71236)7-90-12, 2-16-92 эл. пошта: zh.pazulov@atyrau.gov.kz
«Исатай аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» ММ, Аққыстау ауылы, Елорда к-сі, 54а, телефон: 8(71231)79-2-11, 79-2-12 эл. пошта: isatai_kasipkerlik@mail.ru
«Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» ММ, Миялы ауылы, Т.Қарабалин к-сі, 39, телефон: 8(71238)2-13-86, эл. пошта: to.oryngali@atyrau.gov.kz.