15 «Желтоқсан», 2022 280

Атыраудың оң жағалауынан кәріз тазарту имараты салынбақ

 Атыраудың оң жағалауынан кәріз тазарту имараты салынбақ

Бұл туралы Атырау қаласының әкімі М.Қалауи мәлім етті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ол үшін 21,2 миллиард теңгенің жобалау-сметалық құжаты жасақталған. Жұмыстарды іске асыратын мердігер мекемені анықтау мақсатында ашық электронды конкурсқа тапсырыс берілген. Конкурс қорытындысы нәтижесінде жеңімпаз мердігер мекеме «Павлодарский речной порт» ЖШС-мен келісім шарт жасақталып отыр.

 - Мердігер мекемемен арада өндірістік жұмыстардың тізбесі бекітіліп, кестеге сай шаралар атқарылып, жұмыстар жалғасуда. Ол үшін биыл республикалық және жергілікті бюджеттен 6,8 миллиард теңге қаражат бөлінді,- деді М.Қалауи.