Атыраудың электр желілеріндегі апат туралы министрлік түсінік берді

Атырау облысында электр желілерінде болған апатты жағдайларды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінен мәлім етті.

  «27 шілдеде сағат 18:08-де Атырау облысында ауа райының қолайсыздығы (жаңбыр, найзағай, дауылды жел) себебінен «Құрманғазы» мұнай айдау станциясын қоректендіретін бағанадағы 220 кВ-тық 2 электр желісі (ӘЖ) бір мезгілде өшіп қалды. ӘЖ «Қазақстанның Каспий құбыр консорциумы» АҚ-ның теңгерімінде. Электр беру желілерінің құлаған бағаналары табылды. Бұл «Қазақстанның Каспий құбыр консорциумы» АҚ-ны энергиямен қамтуда 16 МВт-қа дейін шектеуге әкелді. Сондай-ақ Атырау мұнай өңдеу зауытында қоректендіруші желілердің іске қосу тетіктері де өшіп қалды. «Karabatan Utility Solution» электр станциясының энергия жүйесімен байланыс желілері өшіп қалып, салдарынан электр станциясы генерацияны нөлге дейін төмендетті. Қазіргі уақытта технологиялық бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде», - делінген министрлік хабарламасында.