Атырау қаласында осы уақытқа дейін нөмірленіп келген көшелерге атау берілді, деп хабарлайды AtyrauPress.
Жылдан-жылға қала аумағы үлкейіп, шаһардың айналасында тұрғын үй құрылыстары қарқынды жүріп жатыр. Осының нәтижесінде қала іргесінде жаңа ауылдар пайда болуда. Осы күнге дейін ауыл округтеріндегі көшелердің атаулары санмен таңбаланып келді. Енді көше атауларын өзгертуге немесе атау беруге қатысты мораторий өз күшін жойған соң жергілікті билік бұл олқылықтарды түзетуге көшті.
Осы ретте, Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округі Еркінқала ауылының кейбір көшелері жаңа атауға ие болды.
1) №14 көшеге Мақаш Бекмұхамбетовтың;
2) №44 - Ахмет Қарақұловтың;
3) №8 - Сұңғат Мәсәлімовтың аты берілді.
Еркінқала ауылдық округінің Балауса ауыл округының көшелері мынадай атауларға ие болады:
1) № 5 көше - Ғабдолла Мұқашұлы көшесіне;
2) № 7 - Нәзір Төреқұлұлы;
3) № 8 - Алпысбай Қалменұлы;
4) № 9 - Сұлтан Қожанұлы;
5) №10 - Хайретдин Болғамбайұлы;
6) №11- Құрманбек Жандарбеков;
7) №12 - Жанартау;
8) №13 - Тұщықұдық;
9) №14 - Тастөбе;
10) №15 - Ақкөл;
11) №16 - Санжар Асфендияров;
12) №17 - Шығанақ Берсиев;
13) №18 - Ықылас Дүкенұлы;
14) №21 - Бәйкен Әшімов;
15) №25 - Әзілхан Нұршайықов;
16) №27 - Сырбай Мәуленов;
17) №29 - Бикен Римова;
18) №35 - Сұлтан Баймағамбетов;
19) № 37 - Қалибек Қуанышбаев;
20) № 38 - Жүсіпбек Елебеков;
21) № 41- Ғафу Қайырбеков;
22) № 45 - Медеу;
23) № 46 - Қаракемер;
24) № 43 - Ізтілеу Көпбаевтың атымен аталатын болды.