Атыраудың табиғаты тентек мінез танытуда

Атырауда көктайғақтың алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы «Арнаулы автобаза» ЖШС басшысы Алмас Ізтілеуов қала әкімінің төрағалығымен өткен жиында айтты.

- Алдымен апатты жағдайдың алдын алу үшін көпірлерге көктайғаққа қарсы реагент төгіліп, қалған жұмыстар кезекпен жалғасуда. Қазір 200 текше метр құм және 200 тонна техникалық тұз бар. «Арнаулы автобаза» мекемесінен 6 вакуум, 8 трактор, 3 құм себетін техника (пескоразбрасыватель) жұмылдырылды, - деді А.Ізтілеуов.

Қала әкімі бұл мәселені басты назарда ұстап, қажет болған жағдайда меморандумға сәйкес ірі мекеме өкілідерінің де техникалары жұмысқа тартылатынын айтты.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ