Атыраудың төрт сауда орталығы қайта жаңғыртылады

Атыраудың сауда орталықтары заманауи талапқа сай қайта жаңғыртылады.

Қаладағы  «Мерей», «Дина», «Көктем» және «Аламан» базары модернизациядан өтеді.  Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мәлік Қариев мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Модернизациялау  «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры»  АҚ-ның  қолдауымен жүзеге аспақ.   

- Сауда орталықтарын қайта жаңартып, біртіндеп заманауи стационарлы сауда кешендеріне айналдыруды көздеп отырмыз. Бүгінде  арнайы жұмыс тобы құрылды.  Олар базарлардың  қазіргі жай-күйіне талдау жүргізіп, басшылығымен бірлесе отырып, жаңарту мүмкіндігін және қажет етілетін қаражатты зерделеуде, - деді М.Қариев.