Атыраудың орталық көшесінде кешке қарай көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін қала күнін атап өту мақсатында Тайманов пен Құлманов көшелері жабылады, деп хабарлайды AtyrauPress.

"Тайманов және Құлманов көшелері 7 қазан күні өтетін «Туған күніңмен, сүйікті қалам - Атырау!» қала халқы мен қонақтарына арналған кешкілік мерекелік концерттік бағдарламаға байланысты сағат 17:00 ден бастап көлік қозғалысы шектетіледі", - деп мәлім етті қала әкімінің баспасөз қызметі. 

Сызба суреті төменде көрсетілген.