Бүгін сағат 14:50 шамасында Қ. Сәтпаев көшесінің бойында орналасқан тағам сататын дүңгіршектердің бірі өртенді, деп хабарлайды AtyrauPress Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.
Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшесі шұғыл жетіп, қызы жалынды сөндіру жұмыстарын жүргізді.
«Тілсіз жау салдарынан жалпы ауданы 32 шаршы метр болатын тез – тағам дайындайтын дүңгіршектің ішкі қаптамасы жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз», - деп хабарлады Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобындағылар.
Өрт сағат 15:11-де өшірілді. Атырау облысы ТЖД 11 қызметкері мен 2 бірлік техникасы, «Апаттар медицинасы орталығы» мекемесінің 3 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Эльмира Мықтыбаева