Атырауды кім және не үшін ұнатпайды?

Алақандай Атырауда биылдың өзінде қаланың көркін кетірген 6 мыңнан астам адам жазаға тартылып отыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Оның ішінде 111 адам еліміздің Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабымен бақандай 6 млн теңгедей айыппұл арқалады. Әсем қаланың әрін кетіруге ұмтылатындардың көздегені не? Біз бұл сауалды қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызмет бөлімі басшысының орынбасары Айбол Ідірісовке қойған едік.

Әйнегі сынып, төбесі астына түскен аялдамалар мен күйі кеткен қоқыс жәшіктері көшенің көркін қашырып тұр. Тіпті, тәулік бойы күзетілетін нысандардың да орындықтары да жиі бүлінеді. Бағыттама белгілер мен ескерту тақтайшалары да солай. Бұл ретте, қоғамдық орындарға нұқсан келтіру және қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер үшін азаматтарған 15 күн есебіндегі әкімшілік жауапкершілік немесе 20 АЕК мөлшеріндегі айыппұл қарастырылған, - дейді ол.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ