Атыраудың кейбір бөлігінде 30 маусымнан бастап ыстық су уақытша өшіріледі

Қаладағы бірқатар шағын аудандарда жөндеу жұмыстарына байланысты ыстық су уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

«Атырау жылу желілері» ЖШС-і жылу пункттеріндегі жабдықтарды тексеру және жөндеу жұмыстарына байланысты, жоспарлы кестеге сәйкес, 30 маусым мен 4 шілде аралығында келесі мекенжайлар бойынша ыстық су беру уақытша тоқтатылатынын хабарлайды:

* «Полипропилен» орталық жылу пунктінен – Азаттық көшесі 72, 72б, 74, 80, 82, 84, 86, 88, 90, 92, 94, 131, 131б, Әуезов көшесі 56а, 58, 60, 60а;

* «Аманшина» орталық жылу пунктінен – Аманшина шағынауданы 72, 74, Абдрахманов көшесі 39, С.Бейбарыс көшесі 38, 40, 42;

* «Нұрсая-4» орталық жылу пунктінен – Нұрсая шағынауданы №112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121 үйлер.