Атыраудың қақ ортасында көлік аударылды (+ВИДЕО)

Бұл туралы Атырау қалалық полиция басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

10 шілде күні сағат 2:00 шамасында Атырау қаласы Сатпаев көшесі бойында маркасы ВАЗ-2114 автокөлігі оң жағында келе жатқан Ларгус автокөлігіне, алдында тұрған екінші ВАЗ-2114 автокөлігіне соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан ВАЗ-2114 автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында жедел-жәрдем көмегіне жүгінді. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ