Бұл туралы Атырау қалалық полиция басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
12 шілде күні сағат 17:30 шамасында М.Өтемісов көшесі мен Азаттық даңғылының қиылысында маркасы Toyota Camry автокөлігі қарама-қарсы бағытта келе жатқан Chevrolet Aveo автокөлігімен соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға орнында 1995 және 1989 жылы туған жүргізушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ