Атыраудың қай көшелеріне жаяу жүргіншілер жолы салынады?

Қала әкімі Шәкір Кейкин «Жұмыскер» және «Рембаза» шағынаудандары тұрғындарымен кездесуде «Жұмыскер», «Рембаза» және «Өркен» шағынаудандарындағы көшелерге жаяу жүргіншілер жолы салынатынын айтты, деп хабарлайды AtyrauPress.

Жалпы 17 көшеге жаяу жүргіншілер жолдарын төсеу жұмыстары жүргізілмек.  

- «Рембаза» шағынауданында - Ғарышкер, Гумаров, Қожахметов, Кенжебаев көшелері; «Жұмыскер» шағынауданында - Бекмағамбетов, Қайыршақты, Жұмағалиев, Сақыпов, Ахметов көшелері; «Өркен» шағынауданында - Шөреев, Сатыбалдиев, Бимақов, Ақан Сара және 15, 32, 33, 34 көшелерде жолдың бір жақ бөлігіне жаяу жүргіншілер жолы төселінетін болады. Сондай-ақ,  «Жұмыскер-2» шағынауданындағы 27 көше мен «Өркен-2» шағынауданындағы 6 көшеге жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілуде, - деді қала әкімі.

Қала басшысымен кездесу кезінде тұрғындар жағы көкейтесті мәселелерді алға тартты. Олар жаяу жүргіншілер жолы, жасанды жол кедерігілері, көше жарығы мен электр қуатының төмендігі жөнінде, тазалық сынды бірқатар мәселелерді қозғады.

Ш.Кейкин аталған мәселелерді назарға алып, шешу жолдары заңдылық аясында қарастыратынын атап өтті.

Кездесуден соң қала әкімі тұрғындардың шағымына сәйкес жаяу жүргіншілер жолы жоспарланған аумаққа барып, кей олқылықтар бойынша жауапты бөлім басшылары, жоба авторы мен мердігер мекемеге тапсырма берді.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

Фото: AtyrauPress