Атыраудың денсаулық сақтау саласы ауыр қайғыға душар болды...

63 жасында Атырау облысының Денсаулық сақтау саласының ардагері, Сағиев Жаңабай Нұғмашұлы дүниеден озды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті. Ол өзінің өмірінің 30 жылдан астам уақытын Денсаулық сақтау саласына арнап, осы саланың дамуына елеулі үлес қосқан арда азамат. 

Сағиев Жаңабай Нұғмашұлы 1961 жыл 7 тамызда Атырау (Гурьев) облысы Қызылқоға ауданы, Миялы селосында дүниеге келген. Дәрігер-гигиенист, эпидемиолог.

Еңбек жолын қарапайым дәрігерден бастап, тәжірибие жинақтап, облыстың әрбір түкпірінде аянбай етіп, қызметі көрініп, жоғары лауазымдарға ие болды. Қызылқоға ауданында дәрігер эпидемиолог, бас дәрігердің бірінші орынбасары және аудандық туберкулез ауруханасының бас дәрігердің лауазымын атқарғаннан бастап, оба (чума), түйнемек (сибирская язва), ішек сүзегі (брюшной тиф), туберкулез және т.б. ауруларының ошағында сауықтыру-сақтандыру шараларын ұйымдастырды, облыстық ең шалғай әлеуметтік жағдайы төмен ауданда халық денсаулығын нығайтуда еңбек сіңірді. Қызылқоға ауданы бойынша алыс учаскелерде табылған туберкулез науқастарын тез арада ауруханаға жатқызып, жанұясымен қарым қатынаста сирек болуын қамтамасыз етіп, тынымсыз еңбек етті.

Мақат ауданында ішек сүзек (боюшной тиф) ауруымен қатар вирустік гепатитке қарсы қолданылатын вакцинаны республика бойынша пилоттық жоба ретінде алғашқы қолдануды ұйымдастырды. Одан осы ауданның әлеуметтік мәселелерін шешуде (ауданда республикалық маңызы бар кәсіпорындар орналасқан) қоршаған ортаның қауіпсіздігінің сақталуына ат салысып, аянбай қызмет атқарып, аса біліктілік көрсете білді.

Республикада қатерлі дерт -туберкулезге қарсы жүргізіліп жатқан шараларды кәсіби біліктілік пен ауызбіршілікті ұйымдастырып, облыс бойынша туберкулез саласының қызметіне, оның ішінде туберкулез аурушаңдығының өршімеуіне, азаюына өз үлесін белсене қосты. Туберкулездің алдын алуға үгіт-насихат жүргізеді, әдістемелік көмек көрсетуге мониторинг тобын аудандарға іссапарға шығуын бақылайды. Туберкулез қызметінің қазіргі заманға сай жаңа медициналық аппараттармен, құралдармен жабдықталуына көп күш жұмсады. Өзіне жүктелген тапсырмаға жауапкершілікпен қарап, тиянақты жұмысын көрсете білді, аудан, облыс деңгейінде бірнеше рет еңбегі бағаланып, ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау ісіне үлес қосқаны үшін», «Алғыс хатпен», «Мақтау қағазымен», «Грамотамен» марапатталды.2022 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

"Жаңабай Нұғмашұлы өзінің басты өмірлік мақсатын жұртшылыққа қызмет ету деп санап, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, өңірде таралған індетке қарсы күрес бағытында талмай жұмыс істеп, кәсіби қағидаларына адал болып қалды. Оның жарқын бейнесі әріптестерінің, шәкірттерінің жүрегінде мәңгі сақталады" делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

.