Атыраудың бас шыршасына қанша теңге бөлінді?

Біз мұны қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен сұрастырып білдік, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Ағымдағы жылы қаланың бес орталық алаңы мен көшелерінде орнатылатын биіктігі 18 метрлік шыршаларды монтаждау, демонтаждау және безендіру жұмыстарына 66 964 285,7 теңге (ҚҚС-сыз) сомасына ашық конкурс жарияланды. Тапсырыс беруші – «Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы» ШЖҚ КМК Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қарамағында.  Биыл 17 желтоқсанда барлық бес нүктеде шырша жағу салтанаты театрландырылған бағдарламамен өтеді деп жоспарланып отыр" делінген әкімдіктің бізге берген жауабында.

Айта кетейік, 2023 жылы Атырауды жаңа жылдық безендіруге қала әкімдігі 19 млн теңге бөлген еді. Сондай-ақ, 2022 жылы – 31,3 млн теңге. Ал, 2020-2021 жылдарға қаражат бөлінбеді. Есесіне, 2019 жылы бюджеттен 43,7 миллион теңге қарастырылған болатын.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ